Дәстүрлі діндегілерді қорғайтын қызмет түрін енгізуді ұсынды
|
Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасында таяу маңда дәстүрлі діндегілердің құқығын қорғаумен әрі талас-тартыс тудырған мәселелерді шешумен айналысатын қызмет түрін енгізуді қарастыратын заң жобасы қаралуы мүмкін. Ресей православ шіркеуі бұл бастамаға түрлі көзқарас білдірген болатын. Аталмыш бастаманы Санкт-Петербор қаласының заң шығарушы органының депутаты Виталий Милонов көтерген еді. «Қазіргі уақытта түрлі омбудсмендер мен құқық қорғаушылардан аяқ алып жүр алмайсың. Алайда, қандай да бір себептермен елдің негізгі бөлігін құрайтын түрлі дін өкілдерін қорғайтын институт құру туралы ойламаппыз»,- деді ол «Известия» басылымының тілшісіне берген сұхбатында. Айта кету керек, соңғы уақытта дәстүрлі дін өкілдері қаскүнемдердің шабуылына жиі ұшырайтын болған. Олардың құқығы жиі бұзылады. Халық қалаулысының айтуынша, омбудсмендерді дәстүрлі дін өкілдерінен тағайындау керек. Сонда ғана бұл жұмыс өз нәтижесін береді.