Дарынды балаларды анықтайтын әрі қолдау көрсететін министрлік құрылды
Дарынды балаларды анықтайтын әрі қолдау көрсететін министрлік құрылды
6 жыл бұрын 2200 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде тұңғыш рет Біріккен Араб Әмірлігінде мүмкіндіктер министрлігі ашылды. 2019 жылдың сәуір айының 19-ы күні аталмыш елдің премьер-министрі әрі Дубай билеушісі,  Ұлы мәртебелі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мақтұм мүмкіндіктер министрлігі ашылғанын күллі әлемге жар салып, жария етті. Аталмыш министрлік болашаққа бастайтын жаңа жүйелерді зерделеумен әрі ұлттық мәселелермен айналысатын болады. Ол Twitter әлеуметтік желісінде былай деп жазыпты: "Бүгін біз мүмкіндіктер министрлігін аштық, БАӘ үкіметіндегі жаңа жүйе бірнеше жоба бойынша, соның ішінде халыққа көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру әрі мемлекеттік сатып алуды оңайландыруға арналған онлайн-платформаны әзірлейді". Сондай-ақ, ел аумағындағы дарында балаларды анықтаумен әрі оларға қолдау көрсетумен шұғылданады. 

0 пікір
Мұрағат