Дәрігерлер науқастардан қорғану үшін тхэквондо үйренеді
Дәрігерлер науқастардан қорғану үшін тхэквондо үйренеді
8 жыл бұрын 2487 tengrinews.kz

Үндістан астанасы - Нью-Дели қаласындағы ірі аурухананың дәрігерлері ашулы науқастар мен олардың туыстарынан қорғану үшін мамырдан бастап тхэквондо секциясына қатысатын болады, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Hindustan Times басылымына сілтеме жасап. Дәрігерлер 15 мамырдан бастап 19:00-ден 20:00-ге дейін күнделікті жаттығатын болады. Оларды кәсіби мамандар жаттықтырады. Бұл жекпе-жек түрімен дәрігерлер алты ай айналысады, ал жоғары нәтижелерге қол жеткізгісі келетіндерге екі жарым жылдық бағдарлама қарастырылған. Соңғы зерттеулер бойынша, былтыр дәрігерлердің 40 пайызына шабуыл жасалған және балағат сөздер айтылған. Наурыз айында дәрігерлерге үш рет шабуыл жасалғаннан кейін осындай шешім қабылданған көрінеді. Шабуылдан кейін Махараштра штатында үш мың медицина қызметкері ереуілге шыққан. Белсенділер үш күн бойы басына каска киіп жұмыс істеген және өзін қорғау курстарын ұйымдастыруды сұраған. 

0 пікір
Мұрағат