Данияда Құранды өртеуге тыйым салуы мүмкін
|
Дания парламенті кешелі бері «діни қауымдастық үшін үлкен діни маңызы бар мәтіндерге жария түрде немесе жаппай қауіп төндіруге тыйым салатын» заң жобасын талқылап жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al-Arabiya ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасы осы жылдың тамыз айында ұсынылған еді, алайда, сөз бостандығын шектейтіні жөнінде сынға ұшырап, түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Егер бұл заң жобасы қабылданса немесе мақұлданса, қасиетті Құранды және өзге де наным-сенім өкілдері үшін киелі саналатын жазбаларды өртеген адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Дания билігі мұндай заңның қажеттілігін алға тартып отыр. Діни алауыздық пен араздықтан елдің жік-жікке бөлініп, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмесі үшін. Тек биылдың өзінде, дәлірегі, шілде айының 21-нен қазанның 24-не дейін ел аумағында 483 кітап өртелен, олардың ішінде қасиетті мәтіндер де бар.
Ұқсас материал:
«Швецияды Құран өртеуге ресми тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/shvetsiyady-quran-orteuge-resmi-tyiym-salyndy-18286/#gsc.tab=0)