Дания қасиетті Құранды өртеуге заң жүзінде тыйым салады
Дания қасиетті Құранды өртеуге заң жүзінде тыйым салады
1 жыл бұрын 973 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Dan Kitwood / Getty Images

Швециядағы мұсылмандарға қарсы нәсілшілдік кемсіту саясатына ресми түрде жарияламаса да қолдау білдіріп, қосылған Дания қасиетті Құранды өртеу науқанына ерік берген еді. Алайда, аталған еуропалық елдің бұл қадамы өзіне таяқ болып тиетінін ұғып, дәлірегі, Ислам ынтымақтастық ұйымы тарапынан шведтер мен даттар тауарына бакот жарияламақ болған соң аяғын тартып, қасиетті Құранды және Інжілді өртеу акциясына заң жүзінде тыйым салуды қарастырмақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Данияның әділет министрлігіне жөн сілтеген француздардың AFP ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сөз орайы келгенде 2023 жылдың қаңтар айында даттардың оңшыл саясаткері Расмус Палудан Стокголм (Швеция астанасы) қаласындағы Түркия елшілігінің алдында қасиетті Құранды өртеген болатын. Мұнымен ғана шектеліп қалмай бұл әрекетін Копенгаген (Дания астанасы) қаласында да жалғастырған болатын.

0 пікір
Мұрағат