Данакиль ойпаты: әлемдегі ең өзгеше орын (фото, видео)
|
Африка ойығының солтүстік бөлігінде яғни Эфиопия мен Эритрей шекарасында Данакиль ойпаты орналасқан. Оның тек көрінісі ғана ерекше емес, ол жер құпияға тұнып тұр. Жердің ерекшелігіне қатысты оқымыстылардың өзі анықтама бере алмай отыр.
Данакиль ойпаты (Danakil Depression) планетадағы ең төмен орналасқан жер: теңіз тереңдігінен 125 метр төмен. Африка континентінде Ассаль көлі ғана төмен орналасқан (-153 метр) және Катар ойығы (-133 метр). Сонымен қоса бұл аймақ жер бетіндегі ең ыстық орын. Қыстың кезінде таңғы ауа +37 °С. Ал жазда ауа температурасы +40°С- дан түспейді. Жыл мезгілі бойынша ең төменгі температура +34°С түсуі мүмкін.
Данакиль ойпаты гоминидтердің отаны болып саналады: 1974 жылы америкалық палеоантрополог Дональд Джохансон және оның әріптестері осы жерден Люси есімді австралопитек денесін тапқан еді. Оның ғалымдар 3,2 миллион жыл бұрын тірі болған деп болжаған еді. Тура осы аумақта (2145 метр) ұйқыдағы Аялу вулканы бар.