Дамыған технологияның артында кімдер тұр: Ғалымдар ма әлде белгісіз күштер ме?
Дамыған технологияның артында кімдер тұр: Ғалымдар ма әлде белгісіз күштер ме?
5 жыл бұрын 1806 bugin.kz Марғұлан Ақан

Әлемді билеген элиталық клуб

Финанс-капитал күштерінің ұзақты болжаған жоспары бар, оның мақсаты белгілі финанс жүйесін қалыптастыру арқылы дүниені билеп-төстейтін, ат төбеліндей азшылық тізгін ұстаған, саяси жүйе мен әлемдік экономиканы алақанында ойнататын механизм орнату.

Бұл жүйені феодалдық диктатура үлгісімен орталық банкирлер тарапынан меңгеріледі, олар жиі-жиі өтетін жиындарда келісілген құпия шарттар арқылы сәйкесіп отырады.

Бұл жүйенің кіндігінде Швейцарияның Базеліндегі  халықаралық есеп айырысу банкісі тұр, ол жекеменшік банк, ал оны тізгіндейтін орталық банктердің өзі де жекеменшік серіктіктер.

Орталық банктердің қай-қайсы да қаржы несиесін тізгіндеу, валюта айырбасын ауыздықтау, мемлекеттің экономикалық қабілетіне ықпал ету, селбесе білген саясаткерлерге сауда саласында мол қаржы қайтару сияқты тәсілдері арқылы өз үкіметін тізгіндеуге тырысып бағады.

Тарихшы, Карло Киурглей.

1966 жыл

Біздің өмірімізде «дүние үкіметі», «дүние ақшасы» деген сияқты сөздер жиі айтыла бастады. Егер оның тарихи астары ашып көрсетілмесе, бәлкім, бұл сияқты атауларды жай ғана ақпараттық дабыра деп қабылдар едіңіз. Шындығына келгенде,үлкен жоспар әлдеқашан басталып үлгерді, ал, қытайлардың басым көбі бұл туралы өте аз біледі.

1944 жылдың шілде айында, тұтас Еуропа-Азия құрлығы сұрапыл соғыстың түтінінен көз ашпай, Ұлыбритания мен Англия Еуропа құрлығы екінші майдан ашқаннан бір ай кейін, дүниенің төрт бұрышындағы 44 мемлекеттен келген уәкілдер АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатындағы атақты демалыс орны Брэттон орманына жиналып, әлемдік экономиканың соғыстан кейінгі жаңа тәртібі туралы кеңесті. Халықаралық банктердің ұзақтан бері бүгіп келген жоспары – бүкіл әлемнің ақша шығарылымын тізгіндеу жоспары атқарыла бастады.

Осыған дейін халықаралық банктер Ұлыбританияда халықаралық істер бойынша корольдік институт, АҚШ-та сыртқы қатынастар жөніндегі кеңес деп аталатын өзекті ұйым құрылымының іргесін қалап үлгерді. Кейінірек, аталған құрылымдар тағы екі бөлімше болып дараланып шықты: бірі экономикалық бағыттарда тұрақтандыратын «Бильдерберг» клубы, енді бірі саяси жұмыстарға жетекшілік ететін үшжақта комиссия.

Осы ұйымдардың түпкілікті мақсаты – ат төбеліндей элита билеп-төстейтін дүниежүзілік үкімет ұйымдастырып, әлемге ортақ ақша жүйесін қалыптастыру, соңынан жер бетіндегі барлық халықтан «ғаламдық салық» жинау, аталмыш «әлемдік жаңа тәртіп» дегеніміз, міне, осы!

Осы жүйе бойынша, барлық егемен елдің ақша саясаты мен экономикалық істер жөнінде шешім қабылдау құқығы біржола күшін жойып, барлық тәуелсіз мемлекетпен оның халқының экономикалық еркіндігі мен үкімет еркіндігі, сөз жоқ, тізгінделді. Бүгінгі таңда әр халықтың мойнына темір ажырғы емес, қарыз ажырғысы салынды. Заманымыздың «құлдарының» жұмыс өнімін мейлінше арттыру үшін, анық ақшасыз қоғам, электронды ақша, халықаралық біртұтас радио жиілікті азаматтық куәлік, денеге орнатылатын азаматтық куәлік секілді техникалар қазіргі заман адамдарын құлданудың негізгі белгілеріне айналдырды.

Радио жиілікті парықтау техникасына сүйене отырып, халықаралық банктер түптің-түбінде жер бетіндегі әр адамды, қашан, қайда тұрғанына қарамастан, таса жібермей бақылауға мүмкіндік алады. Қоғамнан ақша ұшты-күйлі жоғалғаннан кейін, компьютердің тіл тақтасы арқылы-ақ, жер бетіндегі кез келген адамды мүліктік құқынан қалаған уақытында айыруға болады. Бостандық сүйер кез келген адам жөнінен алып айтқанда, бұдан өтер үрейлі сұмдық болмаса керек. Ал халықаралық банктер мұны «әлемдік жаңа тәртіптің» ең биік шоқтығы санайды. 

Дереккөз: "Ақша соғысы" кітабы
0 пікір
Мұрағат