Дамыған елдердегі қарттардың тағдыры
Дамыған елдердегі қарттардың тағдыры
6 жыл бұрын 3355 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мәселен, Жапониядағы ақша басып шығаратын станок, міне, талай жылдың жүзі болды, тоқтаусыз сартылдап жұмыс істеп келеді - әйтпесе, күншығыс елінің қажетсіз қоқысқа толы күллі қаржы жүйесі бір-ақ күнде астаң-кестеңі шығады. Әрбірден соң, бұл қағаз махинациясы қарапайым халыққа қарағанда алаяқтар мен қазанның қақпағаны ұстаған қаржыгерлерге ғана тиімді. 84 жасында бір жапондық кейуана түрмеге түсті. Күріш ұрлап. Қалай азаттыққа шықты, тағы абақтыға жабылды. Сол себеппен - бір уыс күріш үшін. Қазір оның жасы 89-да. Тар қапаста отырғанына қуанады. Әйтеуір, тамағың алдыңда, азық ұрлап, әуре болып жатпайсың. Мұндай жекелеген мысалдарды сан-мыңдап келтіруге болады. Бұл елдегі қарттардың дені тамағын табу үшін осындай ұсақ қылмыстарға барып жатады. Ал әлемнің арманына айналған АҚШ-тағы жағдай қандай? Бұл елде жасы 85-тен асса да жұмыс істейтін қарттардың қарасы 255 мыңнан асып кеткен. Қарт адамға қиын жұмыстарға да жегіледі. Күнкөріс. АҚШ Еңбек министрлігі келтірген дерекке қарағанда, бұл елде жасы 55-тен асып кеткендердің ұарасы көп еңбек етіп жүрген. Керісінше нағыз тепсе темір үзетін, күші бойына сыймаған жастар арасында жұмыс істемейтіндер көбейген. Яңни, 30 жасқа дейінгілер. Олардың дені уақытын көбіне компьютер алында өткізеді. 

 

 

 

0 пікір
Мұрағат