Cуррогат ана тәжірибесіне тыйым салынды
Cуррогат ана тәжірибесіне тыйым салынды
3 жыл бұрын 1011 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: freestocks.org / Pexels

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы Ресейде шетелдіктерге суррогаттық ана, яғни, құрсақ ана қызметін пайдалануға тыйым салатын заң жобасын алғашқы оқылымда қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бастаманы парламенттің төменгі палатасына өткен жылдың желтоқсан айында енгізген болатын. Ресей депутаттары тарапынан қолдау тапқан заң талаптарына сәйкес тек некеде тұрған ресейлік ерлі-зайыптылар ғана құрсақ ана қызметін пайдалана алады. Бұдан бқлек, мұндай қызмет денсаулығына, соның ішінле белсіздігіне немесе бедеулігіне байланысты бала көтере алмайтын жалғызбасты ресейлік тұрғындарға да құрсақ ана қызметін пайдалануға рұқсат етіп отыр. Оның өзінде, құрсақ ана – ресейлік азаматша болуы шарт етіп қойылады. Мемдума депутаты Нина Останинаның келтірген дерегіне қарағанда, құрсақ ана көлеңкелі бизнес түріне айналған – жылына 22 млрд долларға жеткен бұл тараптағы қызмет көрсету нарығы.

tararaka.com дерек көзінен:

Суррогат аналық дегеніміз не?

Суррогатия – бұл ұрпақты болу және босануға үш адам қатысатын көмекші репродуктивті технология: генетикалық әке – ұрықтандыру үшін өз ұрығын ұсынған және бала туылғаннан кейін әкенің міндеттерін қабылдауға келісетін адам; генетикалық ана – жұмыртқажасушасын ұрықтандыру үшін берген және бала туылғаннан кейін ананың міндеттерін қабылдауға келісетін адам;
суррогат ана – ақылы немесе өтеусіз негізде баланы генетикалық ата-аналарынан көтеруге, тууға келісім берген және осы баланың анасы болуға үміттенбейтін бала туу жасындағы әйел. Бала туылғаннан кейін генетикалық ата-аналар заңды ата-ана ретінде тіркеледі.

 

0 пікір
Мұрағат