Cтратегиялық тұрғыдан маңызды тауарлар импортына әскерилер жауапты
|
Мысыр билігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық тұрғыдан маңызды тауарлар импортын әскерилерге тапсырды. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Arabiya ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын бұл жауапты салаға Жабдықтау министрлігіне қарайтын жабдықтау басқармасы иелік ететін. Енді жаңа ережеге сәйкес бұл істі Мысырдың әскери әуе күштерін тұрақты дамыту жөніндегі агенттік өз мойнына алды. Соның ішінде аталған агенттік бидай импортын қадағалайды. Бұған пирамидалар елінің билігі стратегиялық тұрғыдан маңызды тауарларға қатаң бақылау орнату үшін барып отыр. Осы орайда жақша ішінде алып айтарымыз – Мысыр президенті әскери төңкеріспен мемлекет басына келгенін әрі әскери режим арқылы елді басқаратынын, сол себепті, стратегиялық тұрғыдан маңызды мәселелерді әскерилердің қолына табыс ететінін айты кету керек. Бұдан былай әскерилер халықаралық тендерде шетелдік жабдықтаушылармен тікелей мәміле бекіте алады. Яғни, тендерге қатысты келісімдер мен міндеттемелерді орындау үшін аталмыш агенттік қажетті қаржыға иелікк етеді. 2022 жылы құрылған Мысырдың әскери әуе күштерін дамыту жөніндегі агенттік экономиканың стратегиялық тұрғыдан маңызды салаларында ықпалын біртіндеп арттырып келеді. Осылайша әскери істермен қатар азаматтық істерді де қатар алып жүретін болады.