COVID-19 жұқпалы індетінен де қатерлі тағы бір пандемия қаупі төніп келеді
COVID-19 жұқпалы індетінен де қатерлі тағы бір пандемия қаупі төніп келеді
2 жыл бұрын 1048 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамзат COVID-19 пандемиясынан әлі ес жия алмай жатқанда ғалымдар тағы бір қатерлі індеттің бас көтеріп келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл арада өткен жылы тіркелген Марбург жұқпалы вирусы турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары қазірдің өзінде тоғыз адам қайтыс болған Экваторлық Гвинеяда Марбург вирусының шапшаң таралуына байланысты дабыл қағып отыр. Егер аталған вирус Африка құрлығының шегінен шықса, дәлірегі, аталған жұқпалы індет өзге құрлықтарға жайылса, әлемде пандемия басталатынын ескертті. Білікті мамандар Марбург вирусы Эбола вирусына ұқсас келетінін алға тартып отыр: улану, геморрагиялық синдром, өлім қатері. Егер бұл жұқпалы індеттің таралуына қатаң шаралар қолданылмаса, жағдай бақылауға көнбей кетуі мүмкін екенін жеткізді. Экваторлық Гвинея аумағында вирустың тез таралуына және жағдайдың қауіпті сипат алуына байланысты ДДСҰ екпені сынақтан өткізу мүмкіндігін талқылау үшін Женевада шұғыл жиналыс өткізіп үлгерді. Әзірге екпе толық әзір емес, бұл тарапта AstraZeneca және Оксфорд университетінің COVID-19-ке қарсы екпесіне ұқсас екпелер дайындалуы мүмкін. Марбург вирусы дене қызуын көтеріп, бастың ауыруын, тері мен шырышты қабаттардан қанның кетуін, ішкі ағзалардың зақымдануын тудырады. ДДСҰ бұл вирусты жұқтырғандардың 88%-ы қайтыс болатынын алға тартып отыр. Сарапшылар науқастармен қарым-қатынастан аулақ болуға және аурудың алғашқы белгілері білінгенде дәрігерлермен жедел байланысуға кеңес береді.

Ұқсас материал:

"Өлімге бастайтын қатері тым жоғары вирусқа қарсы екпе жасалды"  (https://islam.kz/kk/news/gylym/olimge-bastaityn-qateri-tym-jogary-virusqa-qarsy-ekpe-jasaldy-18101/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат