Cоңғы он жылда шала туғандар саны 152 млн-ға жеткен
Cоңғы он жылда шала туғандар саны 152 млн-ға жеткен
2 жыл бұрын 1638 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2020 жылы күллі әлемде 13,4 млн бала шала туған, олардың бір миллионға жуығы шетінеп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасында келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы көрсеткіш, міне, он жылдың жүзі болды, еш өзгеріссіз қалып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әйелдерге, балалар мен жасөспірімдерге арналған әлемдегі ең ірі альянс PMNCH-пен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, Лондонның тазалық және тропикалық медицина мектебімен бірлесе отырып, ауқымы мен ауырлығы еленбейтін және балалардың денсаулығы мен өмір сүруін жақсартудағы ілгерілеуге кедергі келтіретін мерзімінен бұрын босану бойынша төтенше жағдай туралы дабыл қағуда. Шала туу – балалар өлімінің негізгі себептерінің бірі, дәлірегі, бес жасқа толмай жатып шетінеген балалардың әрбір бесіншісі осындай себептен ерте үзілген. Шала туған баланың жетілуі баяу жүреді, аурушаң келеді. Шала туған балалардың қай аймақта немесе құрлықта өмірге келгені оның аман қалуында маңызды рөл ойнайды. Табысы төмен елдерде шала туған шараналардың (жүктіліктің 28 аптасынан кем мерзімде дүниеге келгендерден) тек оннан бірі ғана аман қалады. Ал дамыған елдерде керісінше шала туғандардың оннан бірі ғана шетінейді, тоғызы аман қалады. Сонымен қатар, нәсіліне, ұлтына, табысына және сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге байланысты теңсіздіктер, тіпті, табысы жоғары елдердің өзінде де шала туу, өлім және кемтарлық секілді факторлардың ықтималдығын анықтайтын өлшемдер болып қалады. Шала туудың деңгейі Оңтүстік Азия мен Сахара шөлінің оңтүстігін жайлаған елдерде тым жоғары. Дүние жүзіндегі шала туғандардың 65 пайыздан астамы осы екі аймаққа тиесілі. Бұл бағыттағы баяндамада қарулы қақтығыстар, климаттың өзгеруі, COVID-19 пандемиясы және өмір сүру құнының өсуі (қымбатшылық) барлық жерде әйелдер мен сәбилер үшін қауіп-қатерді арттыратын негізгі факторларға айналған. Мәселлен, ауаның ластануынан жыл сайын алты миллион шала туады. 

0 пікір
Мұрағат