Cоңғы 15 жылда 25 елде кедейлік деңгейі екі есе төмендеген
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Оксфорд бастамасымен 22 жылдағы статистикалық деректерді талдай келе осындай қорытынды шығарыпты. Бұл жайында islam.kz порталы БҰҰ-ның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, Үндістанда 415 млн адамның материалдық жағдайы айтарлықтай жақсарған. Қытайда 69 млн адам, ал халқы аталған елдерден кейін ең көп Индонезияда 8 млн адам кедейлік қамытынан құтылған. Жаһандық кедейлік индексі кедейліктің деңгейін қадағалайды және адамдардың күнделікті өмірінің түрлі аспектілерінде, мысалы, білім алу мен денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауыз су, электр энергиясына қол жеткізу мүмкіндіктерін саралайды, сараптайды. 0 елде әлемдегі 6,1 миллиард адамның 1,1 миллиарды (18 пайыздан сәл астамы) кедейшілікте өмір сүреді. Сахараның оңтүстігіндегі Африкада (534 миллион) және Оңтүстік Азияда (389 миллион) әлемдегі әрбір алты кедейдің бесеуі тұрады. Кедейлердің үштен екісіне жуығы (730 миллион адам) табысы орташа елдерде және үштен бірінен астамы табысы төмен елдерде тұрады. 18 жасқа дейінгі балалар кедейлердің жартысын (566 миллион адам) құрайды. Балалар арасындағы кедейшілік деңгейі 27,7 пайызды, ересектер арасында 13,4 пайызды құрайды. Әлемдегі кедейлердің 84 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.