Coca-Cola-ның құпиясын ұрлағаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылды
Coca-Cola-ның құпиясын ұрлағаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылды
3 жыл бұрын 1629 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америка соты Шеннон Ю есімді әйелді Coca-Cola-ның коммециялық құпиясын қолды қылғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жайында islam.kz порталы Fox Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айыпты Қытайға сусын құтыларының ішін жабуға арналған құпия химиялық формулаларды бермек болған. Бұл технологияны әзірлеуге аталмыш компания 120 млн доллар жұмсаған екен. Шеннон Ю коммерциялық құпияны Атланттағы Coca-Cola компаниясында химик болып жұмыс істеп жүргенде білген. АҚШ прокуратурасы таққан айыпқа қарағанда, әйел тыңшылықтағы мақсатына қол жеткізген соң Қытайға үкіметтің «Мыңдаған талант» деп аталатын отандастарды қайтару бағдарламасы бойынша кетпек болған. Соңғы жылдары әлемдік және америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қытай халық республикасы билігінің шетелде коммерциялық және технологиялық, соның ішінде өнеркәсіптік тыңшылыққа қаржы бөліп, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

0 пікір
Мұрағат