|
Чилидегі ең қауіпті жанартаулардың бірі 40 жылдан кейін қайта оянды
|
Чилиде ең қауіпті болып есептелетін Кальбуко жанартауы 40 жылдан кейін қайта оянды. Бұл жайында tengrinews.kz ақпарат көзі "Диапазон" басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Басылымның мәліметінше, ел билігі жанартау көзінен 20 шақырымда тұратын мың жарымға жуық адамды эвакуациялады. Жанартау күлі бірнеше мыңдаған метр биіктікке дейін көтерілген. Ауаның ластануынан жергілікті әуе компаниялары жақын маңдағы әуежайлардағы рейстерді тоқтатты.
Айта кетейік, биіктігі 2003 метрлік Кальбуко Чилидегі ең қауіпті үш жанартаудың біріне жатады. Ол соңғы рет 1972 жылы атқылаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді