|
Charlie Hebdo карикатурасын көшіріп басқан газет редакторы тұтқындалды
|
Үндістанда мұқабасында Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаны (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) келемеждеп салған француздардың Charlie Hebdo сатиралық басылымындағы карикатураны көшіріп басқан Avadhnama газетінің редакторы тұтқындалды. Аталмыш газет екі тілде жарық көреді және Мумбай, Лакхнау, Файзабаде, Алигархе, Сахаранпуре, Азамгархе қалаларында таралады. Абыройсыз тірлікпен атын шығармақ болған редактор әзірге кепілдікпен бостандыққа шығарылды. Оған басылым оқырмандарының діни сенімін қорлағаны үшін айып тағылып отыр. Егер сотта кінәлі деп танылса, ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Avadhnama редакторының тұтқындалғанына өзге тілшілер наразылық танытып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді