Cаудияда 100 мың эфиопиялық азамат елден шығарылды
Cаудияда 100 мың эфиопиялық азамат елден шығарылды
3 жыл бұрын 981 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия аумағынан көші-қон туралы заңды бұзған 100 мың эфиопиялық азамат шығарылды. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Monitor ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аддис-Абеб қаласына (Эфиопия астанасы) алғашқы рейспен Эфиопияның 900 азаматы келді. Олар заңсыз иммигранттарды оқшаулау абақтысында бірнеше ай бойы болған. Саудиядан шығарылғандардың бірі – 29 жастағы Жамал Шафи тергеу бөлмелерінде жүздеген эфиопиялыққа дейін адам болғанын айтады. Олардың арасында балалар мен әйелдер қарасы да көп болғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұқтырылған күріш пен бір бөлке наннан берілген. Бір бөлмеде 400 адамға дейін сығылысып тұрған, Эфиопияға келгенде олардың, тіпті, қол жүгі де болмаған. Әлбетте, заңсыздыққа барған адамның басынан сипамайтынына анық көз жеткізіп қайтты. Саудия Таяу шығыс аймағы бойынша еңбек мигранттарына заңы ең қатал ел саналады. Десе де тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар аясында ішінара өзгертулер енгізілгенімен заңсыз еңбек мигранттарына қатысты түйткіл түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Тіпті, 2013 жылы Саудия аумағынан 140 мыңдай эфиопиялық азамат еліне күштеп қайтыралған болатын. Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы эфиопиялық мигранттарға қатал қарады деп Саудия билігін  қатаң сынға алған болатын. 34 млн халқының үштен бірін еңбек мигранттары құрайтын елде Саудия аумағында жұмысқа және тұруға рұқсат алмаған эфиопиялықтар қарасы көп.

Ұқсас материал:

«Құты қашқан қасиетті мекен – Таяу Шығыс!» (https://islam.kz/kk/news/alem/quty-qashqan-qasietti-meken-tayau-shygys-15419/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат