Cаудия Украинаға 410 млн доллар бөледі (видео)
Cаудия Украинаға 410 млн доллар бөледі (видео)
2 жыл бұрын 890 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Genya Savilov / Pool / Reuters

Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлігінің жетекшісі Фейсал бен Фархан Украина президенті Владимир Зеленскимен кездесіп, Ер-Риядтың Украинаға 410 млн доллар бөлетінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al-Ekhbariya телеарнасына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Королдік Ресей-Украина дағдарысының бейбіт жолмен шешілгенін қалайды. Біз барлық тараптармен дағдарысты шешу жолдарын іздеуді жалғастырамыз», - деді араб елінің Сыртқы істер министрлігінің басшысы өз мәлімдемесінде. Бұл Фейсал бен Фархан Әл Саудтың Украинаға елдер арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан кейінгі алғашқы ресми сапары. Эр-Рияд пен Киев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны, оның аясында Украина мұнай өнімдерін алатыны белгілі болды. Дәлірегі, 100 млн доллар гуманитарлық жәрдем ретінде беріледі, ал 300 млн доллар Украинаның мұнай өңдеу саласына инвестиция ретінде құйылады.

0 пікір
Мұрағат