Cаудия түрмесіндегі пәкістандықтар саны 10 мыңнан асты
Cаудия түрмесіндегі пәкістандықтар саны 10 мыңнан асты
4 ай бұрын 961 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Over 10,000 Pakistanis behind bars in Saudi Arabia

Бүгінгі таңда 15 953 Пәкістан азаматы Таяу Шығыстың және Оңтүстік шығыс Азияның 24 елінде тұтқында жатыр. Тек бір ғана Сауд Арабиясының түрмесінде пәкістандықтар қарасы он мыңнан асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пәкістанның сыртқы істер министрі Ысқақ Дар шетелде қолына кісен салынған пәкістандықтар туралы есебін жариялады. Саудия аумағындағы түрмелерде 10 279 пәкістандық жатыр, одан кейінгі орыннан Біріккен Араб Әмірлігі көрінген - 3 523 пәкістандық тұтқын. Ал үшінші орынға Катар жайғасқан – 599 пәкістандық тұтқын, төртінші орынға Бахрейн табан тіреген – 581. Ал бесінші орынға иек артқан Малайзия түрмелеріндегі пәкістандық тұтқындар саны – 459; Иракта – 81; Оманда – 252; Кувейтте – 50. Пәкістандықтардың дені шекараны заңсыз кесіп өту, есірткі және қаржылай қылмыстары үшін жазаланған. Министр заң шығарушыларға Пәкістанның Сауд Арабиясымен, Біріккен Араб Әмірліктерімен және Кувейтпен бұл бағытта тұтқындарды алмасу туралы келісімі бар екенін жеткізді. Алайда, Пәкістан азаматтары тұтқындалған басқа 21 елмен арада мұндай келісімдер жоқ, ал бұл жайт оларды репатриациялауды қамтамасыз ету мүмкіндігін шектейді.

0 пікір
Мұрағат