|
Cаудия жаңа визалық платформаны іске қосты
|
Сауд Арабиясының билігі қажылық, ұмра, іскерлік, туристік мақсатта және жұмыс бабымен келгісі келетін шетелдік азаматтардың өтініш беру процедурасын оңайлататын жаңа визалық платформаны іске қосты - www.ksavisa.sa. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірыңғай ұлттық платформа 30-дан асаминистрлік пен құзыретті ұйымдарды өзара байланыстырады және елге келуші шетелдік азаматтарға қызмет көрсету үшін жасанды зерде технологиясын пайдаланады. Аталмыш платформа интеллектуалды іздеу жүйесімен жабдықталған, онда іздеген виза түрін оңай табасыз. Сондай-ақ, виза түрлерін рәсімдеуге байланысты талаптармен танысуға мүмкіндік беретін орталықтандырылған анықтамалық порталы бар. Сөз орайы келгенде Саудия биыл, яғни, 2023 жылы 18,6 млн-нан аса виза бергенін айта кетпекпіз.
Ұқсас материал:
«Cаудия ерекше виза енгізеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/caudiya-erekshe-viza-engizedi-19550/#gsc.tab=0)