|
Cаудия Halal Mark Track жүйесін енгізеді ESG стандартына интеграциялау үшін
|
Сауд Арабиясының азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі басқармасының құрамына кіретін халал орталығы экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік стандарттармен (ESG) халал сертификатын үйлестіруге бағытталған Halal Mark Track жүйесін енгізеді. Бұл жайында islam.kz порталы Halal Focus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бағдарлама анағұрлым сенімді және тұрақты халал экожүйесін құру мақсатында Саудияның мемлекеттік инвестициялық қорына тиесілі Halal Product Development Company және THIQAH компаниясымен серіктестіп іске асырылады. Halal Mark трекі бекітілген халал стандарттарын ESG талаптарына кіріктіріп, Саудияның халал орталығының бақылауындағы өнімдердің діни және экологиялық өлшемдеріне сәйкес келуіне мүмкіндік береді. Шариғат талаптарын басшылық алумен және сақтаумен байланысты шараларды ESG-жүйесімен ұштастыра отырып, тұтынушылардың саудиялық өнімдерге деген сенімін арттыруға және олардың өңірлік және әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған. Сертификатқа ие компаниялар жаһандық сапа мен орнықтылық стандарттарын сақтай отырып, өз қызметін жергілікті және халықаралық деңгейде кеңейте алады. Саудияның ресми тұлғалары Halal Mark трекін халал секторында операциялық тиімділікті арттыру және жергілікті және шетелдік компаниялар үшін нарықтық мүмкіндіктер ұсыну жөніндегі стратегиялық бастама ретінде сипаттайды.
Деректің қайнар көзі: foodbusinessmea.com
