Cаудия ерекше виза енгізеді
Cаудия ерекше виза енгізеді
10 ай бұрын 1085 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлігі спорт министрлігімен бірігіп, өзгеше жобаны қолға алды. Дәлірегі, араб елінде өтетін футболдан әлем чемпионатына келетін жанкүйерлер үшін арнайы, электронды визаны енгізеді. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Турнир Жидда қаласындағы King Abdullah Sports City және ханзада Абдулла әл-Фейсал стадионында өтеді және жыл сайынғы FIFA клубтар арасындағы әлем чемпионаты болады. Жаңа визаның арқасында футбол жанкүйерлерінің туристер тартудың түрлі мүмкіндігін қарастырып жатқан аталған араб елінің аумағына кіру процедурасы жеңілдейді. Сауд Арабиясы сыртқы істер министрлігінің сайтында электронды визаларды беруге арналған тиісті бөлім пайда болды. Белгілі болғандай, әлемдік дүбірлі додада Manchester City, Flamengo, Al-Ittihad, Al Ahly, Auckland City, Club León және Urawa Red Diamonds командалары бақ сынайды. Турнирді жасыл алаңға Океания чемпионы Окленд Ситимен бірге шығатын «әл-Иттихад» командасы ашады. Осы орайда Сауд Арабиясының билігі алдағы 10 жылда туризм саласына 1 триллион АҚШ долларынан астам инвестиция құюды жоспарлап отырғанын айта кетпекпіз. Аймақтағы ең үлкен аквапарк Ер-Рияд қаласынан 45 шақырым қашық жатқан Қиддия қалалық саябағында, 25,2 гектар аумақта салынады. Аквапаркте 22 аттракцион болады, оның тоғызы әлемдік стандарттарға сай болады және құрылысына 750 миллион АҚШ доллар қаражат жұмсалады. Аквапаркте су спортының жарыстары өтеді.

 

0 пікір
Мұрағат