|
Cаудия еңбек нарығында «саудияландыру» науқанын бастады
|
Сауд Арабиясы билігі крмпанияларға ел тұрғындарын жұмысқа алуды міндеттейтін саясатын жүзеге асырады. Бұл жайында islam.kz порталы Kathmandu Post (EKantipur.com) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудия билігінің бұл қаадамы өз кезегінде ел аумағында нәпақасын айырып жүрген шетелдіктерді еңбек нарығынан ығыстырады. Қазірдің өзінде көптеген еңбек мигранттарының виза мерзімін ұзартудан бас тартып жатыр. Әсіресе, компаниялардан басшылық, лауазымды қызметтерге саудиялық азаматтарды алу талабы қойылып жатыр. Осы орайда Саудия аумағында Азияның оңтүстігінен (Үндістан, Непал, Бангладеш, Пәкістан, т.б.) еңбек мигранттарының қарасы көп екенін айта кету керек. Саудия билігінің талабына сәйкес әр компанияда басшылық орындарда кем дегенде 30 пайызы саудиялық азаматтан тағайындалуы керек. Бұл ережені ары кеткенде алты айға дейін орындауы тиіс. Саудияландыру саясаты әкімшілік және медициналық лауазымдарды да қамтиды. Әкімшілік лауазымдар, кадрлар жөніндегі менеджерлер мен көмекшілер, компания өкілдері мен күзетшілер Сауд Арабиясының азаматтары болуы тиіс. Техникалық лауазымдарда инженер-құрылысшылар, сәулетшілер, инженер-электриктер, өнеркәсіптік және техникалық инженерлер, сондай-ақ, инженерлік техниктердің кемінде 30 пайызы саудиялықтар болуы тиіс. Денсаулық сақтау және фармация секторларында Сауд Арабиясының азаматтары мамандығына қарай қызметкерлердің 55-80 пайызын құрауы тиіс. Медициналық зертханалардағы лауазымдар сауд қызметкерлерінің 70 пайызын, физиотерапия - 80 пайызын, радиология - 65 пайызын, стоматология - 55 пайызын, ал дәріханалар - 65 пайызын талап етеді. Туристік және қонақжай секторлар Сауд Арабиясы азаматтарының 100 пайызын көптеген лауазымдарға жалдауға міндетті, ал 2027 жылдың қаңтар айына дейін шеф-аспаздардың да қарасы кем дегенде 30 пайызы болуы тиіс. Бөлшек сауда саласы да Саудия азаматтарына да басымдық бередi. Автокөлік бөлшектері, киім-кешек, электроника бұйымдары және басқа бөлшек сауда салаларындағы бос орындар негізінен Сауд Арабиясының азаматтарымен шектеліп, ал бухгалтерлік лауазымдар қысқартылды. Сауд Арабиясының үкiметi шетелдiк қызметкерлер үшiн сертификаттауды талап ете отырып, тек бiлiктi жұмыс күшiн тартуды көздейдi.