Cаудия билігі бал өндірісін дамытуға мүдделі
Cаудия билігі бал өндірісін дамытуға мүдделі
7 ай бұрын 751 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының үкіметі 2020 жылдан бері бал өндірісіне 37 млн доллар инвестиция құйған екен. Бұл жайында islam.kz порталы ARABIAN BUSINESS ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта Reef Saudi ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасына он мыңнан аса адам ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылған. Аталмыш бағдарламаның арқасында бал өндірісі айтарлықтай артып, 2023 жылы 3120 тоннаға жетті, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 41%-ға артық. 2026 жылға қарай жылына 7500 тонна бал өндіруді алдына мақсат етіп қойды. Осы мақсатта омарташыларға мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі. Бағдарлама, сонымен қатар, елдің ара байлығын сақтауға және оны аурулар мен зиянкестерден қорғауға басымдық береді. Бірқатар аймақтарда, соның ішінде, Хайл, Нажран, Жазан, Мәдина, Табук және Тайып қалаларында аналық ара өсіру стансалары салынады. Сонымен қатар, аралардың ауруларын және зиянкестерді зерттеу және диагностикалау үшін үш жылжымалы зертхана жеткізіледі. Бағдарлама Сауд Арабиясының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде және ауыл шаруашылығы өндірісінің базасын әртараптандыруда маңызды рөл атқарады. Осылайша аталған араб елі ауыл шаруашылық салаларын климатына сай таңдап-талғап дамытуға ден қоймақшы. 

0 пікір
Мұрағат