|
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
|
Сауд Арабиясының ақпан айының 1-нен бастап шетелдік инвесторларға өзінің капитал нарығын толық ашады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bloomberg іскерлік агенттігіне жөн сілтеген forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің капитал нарығы жөніндегі басқармасы (Capital Market Authority, CMA) елдің қаржы нарығын ырықтандыруда маңызды қадам жасап, шетелдік білікті инвесторлдарға басымдық беретін Qualified Foreign Investor (QFI) режимін алып тастайды. Бұрын Tadawul биржасында сатылатын акцияларға екінің бірі қол жеткізе алмайтын, яғни, шектеулі болатын: QFI мәртебесін басқаруында кемінде 1,875 млрд сауд риалы (шамамен 500 млн доллары) бар ірі шетелдік инвесторлар ғана ала алатын. Жаңа реттеуші модел бұл талаптарды толығымен алып тастайды және шетелдік инвесторларға қандай да бір біліктілік шарттарынсыз негізгі нарықтың барлық сегменттеріне тікелей енуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ, резидент еместерге бағалы қағаздардан тек жанама экономикалық пайда алуға ғана мүмкіндік беретін своп-келісімдер (Своп - бұл алдын ала келісілген мерзімге ақша алмасатын екі тараптың өзара сауда операциясы. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл белгілі бір шарттар бойынша активтерді уақытша алмасу. Тараптардың әрқайсысы белгілі бір уақытқа әріптесінің міндеттемелерін өзіне алады. Компаниялар бағалы қағаздармен, пайыздық мөлшерлемелермен, бағалы заттармен, валюталармен өзгеруі мүмкін. Шарт аяқталған кезде статус-кво қайтарылады. Своп бірнеше операциядан тұрады. Біріншісі - активтермен алмасу, екіншісі - қайтару немесе кері алмасу және мәміленің аяқталуы – ред.) тетігі жойылады. Енді шетелдік инвесторлар Tadawul компаниясының айналымындағы акцияларды тікелей иелене алады. CMA мәліметінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанының соңына қарай Сауд Арабиясының капитал нарығындағы халықаралық инвесторлардың инвестициялар көлемі 590 млрд сауд риалынан асқан, оның 519 млрд-қа жуығы негізгі нарыққа тиесілі. Реттеуші нарықтың толық ашылуы халықаралық капитал қозғалысын күшейтеді, өтімділікті арттырады және елдің жаһандық инвестициялық орталық ретіндегі позициясын нығайтады.