Cаудия аймақтағы ең басты қауіпті ел деп Иранды емес, енді басқа елді санайды
Cаудия аймақтағы ең басты қауіпті ел деп Иранды емес, енді басқа елді санайды
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяу шығыс институтында өткен пікірталас барысында сарапшылар мен саяси жауырыншылар Сауд Арабиясының Израилге қатынасын өзгерткені туралы қорытындыға келді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудия аймақтағы қауіпсіздікке ең басты қатер төндіретін ел ретінде Иранды емес, Израилді жатқызады. Мәселен, Техас университетінің Буш басқару мектебінің халықаралық қатынас профессоры Грегори Гауза даа осындай тұжырымға келіп отыр. Әсіресе, израилдіктердің Доха қаласына (Катар астанасы) жасаған шабуылынан кейін Саудия Израилге көзқарасын күрт өзгерткен. Осылай деген америкалық сарапшы Саудияның сыртқы саясаты аймақтағы тұрақтылыққа негізделгенін мәлімдеді. Өңірдегі тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Америка құрама штаттарымен тығыз ынтымақтасуды мақсат етеді. Өлкедегі тұрақсыздықты Саудияның алдыға мақсат етіп қойған, елдің экономикасын әртараптандыруда маңызды рөл ойнайтын, инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беретін Vision 2030 ұлттық стратегиясына қатер төндіретін фактор ретінде қарастырады. Көршілердің көзі тура болмаса, аймақтың дамуына, логистикасына, туристік әлеуетіне, энергиялық қауіпсіздікке қатер төнеді.

0 пікір
Мұрағат