БҰҰ Ұлыбританиядан құл саудасы үшін өтемақы талап етті
БҰҰ Ұлыбританиядан құл саудасы үшін өтемақы талап етті
1 жыл бұрын 863 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Brendan McDermid / Reuters

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сотының қазысы Патрик Робинсон The Guardian дерек көзіне берген сұхбатында Ұлыбритания Кариб бассейні елдеріне құл саудасы үшін 24 трлн доллар өтемақы төлеуі керектігін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Олар мұндай асқан зұлымдықты елеусіз қалдыруды жалғастыра алмайды (...) Біріккен Королдік өтемақы төлеміне қатысты қозғалысқа қарсы тұра алмайды, өйткені, мұны тарих талап етеді, заң талап етеді»,- деп мәлімдеді. БҰҰ өкілінің бұл мәлімдемесі трансатлантикалық құл саудасы мен оның жойылғанын жыл сайын атап өтетін ЮНЕСКО-ның еске алу күніне орайластырылды. Маусым айында жарияланған Brattle Group зерттеуінде 31 елдің Ұлыбританиядан құл саудасы бойынша өтемақы талап ете алатыны айтылған.

0 пікір
Мұрағат