|
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қандай қарар қабылдады?
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі өткен аптада бірауыздан қарар қабылдады. Аталмыш құжатта азаматтардың қандай да бір себеппен жанжал оты тұтанған шетелге шығуына тыйым салынады. Бұл жайында Reuters ақпарат көзі хабар таратты. Бұған қоса, құжатта айтылғандай, әскери топтарға қосылуына тікелей ықпал еткен және оны қолдағандар заңмен қудалануы тиіс. Бұл қарардың қабылдануына ИСИМ содырларының сойқаны түрткі болды. Сарапшылардың мәлімдеуінше, әлемнің 70-тен аса елінен 12 мыңдай адам Сирияда экстремистер жағында соғысып жүр. Бұл құжатты қабылдауды АҚШ тарапы ұсынды. Ол өз сөзінде экстремизмнің алдын алу нақты қадамдарға барудың маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...