|
БҰҰ қарызы бар алты мемлекетті дауыс беру құқығынан айырды
|
БҰҰ Бас ассамблеясы мүшелік жарнаны төлемеген алты елді дауыс беру құқығынан уақытша айырды. Берешегі ең көп ел - Венесуэла. Бұл туралы БҰҰ-ның бейсенбі, 24 ақпан күні жарияланған хабарламасында айтылады.
Қарызы ең көп ел болып саналатын Венесуэла тек $24 млн. қаржыны төлеген соң дауыс беруге қатыса алады. Қалған бес ел - Кабо Верде, Ливия, Папуа-Жаңа Гвинея, Судан мен Вануату БҰҰ Бас ассамблеясының 71-сессиясының жұмысы аяқталғанға дейін, яғни 2017 жылдың күз мезгіліне дейін дауыс беру құқығынан шеттетілді.
Борышкер-елдер екі жылдық соманы төлегеннен кейін ғана дауыс беру құқығын қайтара алады. Бұл туралы БҰҰ-ның жаңа бас хатшысы Антониу Гутерриш қаңтар айының соңында мәлімдеді. Жыл сайынғы жарна сомасы әр елге жеке есептеледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр