БҰҰ: Қарулы қақтығыстардан ең алдымен балалар зардап шегіп отыр (видео)
БҰҰ: Қарулы қақтығыстардан ең алдымен балалар зардап шегіп отыр (видео)
8 жыл бұрын 5075 24.kz un.by

Қарулы қақтығыстар тоқтамаған елдердегі балалардың жағдайына айрықша көңіл бөлу керек. Осындай үндеу тастаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы бүлдіршіндер мен жеткіншектердің амандығы үшін жанжалдасушы тараптарды шұғыл шаралар қабылдауға шақырып отыр. Бұл үндеу Ирак, Йемен, Нигерия, Сирия, Ауғанстан, Сомали мен Оңтүстік Судан елдеріне қатысты. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Пан Ги Мун былтыр Ауғанстандағы шабуыл құрбандарының арасында кәмелетке толмағандардың көп болғанын атап айтты. Ал Сомалиде бір жыл ішінде балалар құқықтарының бұзылу дерегі 50 пайызға артқан. Йеменде 2015 жылы атыс-шабыс салдарынан 785 жеткіншек көз жұмып, тағы 1100-ден астамы жарақат алған. Пан Ги Мун, БҰҰ Бас хатшысы: - Мені Йемендегі балалардың жағдайы қатты алаңдатып отыр. Олардың амандығы алдыңғы кезекте тұруы тиіс. Біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимылдарды нығайтып жатырмыз. Алайда, мұның бәрі әзірге жеткіліксіз болып тұр.

 

0 пікір
Мұрағат