БҰҰ Бас хатшысы қасиетті Құраннан мысал келтірді
БҰҰ Бас хатшысы қасиетті Құраннан мысал келтірді
7 жыл бұрын 4931 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Таяу Шығыс елдеріне сапары барысында Каир университетінде сөз сөйлеп, қасиетті Құраннан мысал келтірді. Тарқатып айтқанда, ол осы заманғы өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, сөз арасында қасиетті Құранды оқығанын байқатып алды. "Ең қызығы, босқындарды қорғау туралы заң екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ойдан шығарылған. босқындарды қорғау мұсылман әлемінің мәдениеті мен салт-дәстүрінде ежелден бар... қасиетті Құранның "ат-Тәуба" сүресінен табуға болады. Онда иман келтіргендерді де, иман келтірмегендерді де қорғау керектігі айтылған. Құранды сынға алып жүргендер мен исламды төзімсіздікті насихаттайтын дін деп санайтындар біліп қойсын, босқындарды қорғау саласында бұл дін төзімділік, ынтымақ және ізгілік діні",- деді ол.

0 пікір
Мұрағат