БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш 2018 жылғы басты жұмыс бағытын атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
|
БҰҰ 2018 жылғы басты міндеттерін атады
|
БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш ұйымның 2018 жылғы қызметінің басым бағыттарын атады. Оның сөзінше, биылғы жылғы басым бағыт - Таяу Шығыстағы қақтығыстарды және Еуропадағы түйіні әлі шешілмеген жанжалдарды реттеу, терроризммен күрес және Корей түбегіндегі ядролық қарулану мәселесін реттеу болмақ.
БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Гутерриш өзі бас хатшы болып жұмыс істеген бір жылда «адамзат бейбітшілікке маңайламағанын» да айтты. Оның сөзінше, Еуропадағы жанжалдарды реттеу үшін Донбасс, Таулы Қарабақ, Грузия және Приднестровье бойынша арағайындық жасау жұмысын жандандыру керек.
Гутерриш, сонымен қатар, Солтүстік Кореяның 2018 жылы ақпанда Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиадаға спортшылар жіберу туралы шешімін қоштады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді