|
Бұрынғы имам бандит болып шықты
|
Қазан қаласында «Жаңа татарлар» қылмыстық тобының жеті мүшесіне, соның ішінде аталмыш топтың серкесі Азат Зариповқа жаза кесілді. Аталмыш топтың мүшелері 1994-2005 жылдар аралығында бизнесмендерді тонаумен және бопсалаумен айналысқан. Олардың мойнында кем дегенде 4 адамның қаны жүктелгені белгілі болып отыр. Олар өздерімен бақталас қылмыстық топтармен ымырасыз күрес жүргізіп қана қоймай, өз қатарынан кеткендерді де аямаған. Айта кетейік, сот үкімі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айырылған Азат Зарипов қолына кісен салынбай тұрғанда Қазан қаласындағы «әл-Иман» мешітінде имамдық қызмет атқарған еді. Ол қалған ғұмырын Орынбор облысындағы «Қара дельфин» түзету мекемесінде қатаң режимде өткізетін болады. Бұл жайында «Бизнес-онлайн» ақпарат көзі хабар таратты.