Бұрын қылмыс істегендерге түнде көшеге шығуға тыйым салынды
Бұрын қылмыс істегендерге түнде көшеге шығуға тыйым салынды
3 жыл бұрын 1522 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Копенгаген (Дания астанасы) полициясы бұрын ауыр қылмыс (адам зорлап, қару қолданып) істеп, түрмеден жазасын өтеп шыққан азаматтарға түнде қала орталығындағы жаяу жүргіншілерге арналған төрт аймақта, атап айтқанда, Готерсгадта, Вестергадта, Вестерброгадта және Кодбиен ауданында түнгі сағат он екіден таңғы беске дейін болуға тыйым салынды. Сондай-ақ, азаттыққа шыққан бұрынғы қылмыскерлерге бар, клуб және өзге де көңіл көтеретін қоғамдық орындарды болуға тыйым салынған. Екі жыл мерзімге арналған, қыркүйек айының 14-не бастап қолданысқа енетін бұл сақтық шарасы қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Local ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тыйымға құлақ аспағандарға 10 мың дат крон айыппл салынады. Қайталанған жағдайда артық-кемі жоқ 30 күнге абақтыға жабылады.

0 пікір
Мұрағат