Бұрығы концлагерді VIP-меймандарға арналған шипажайға айналдырады
Бұрығы концлагерді VIP-меймандарға арналған шипажайға айналдырады
9 жыл бұрын 2678

Черногория билігі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің концентарциялық азаптау лагері болған шағын аралды қалталы меймандар тынығып, ем қабылдайтын шипажайға айналдырғысы келеді. Туристер мен инвестиция тарту мақсатында. Бұл жайында  «NEWSru.com» ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, ел билігінің бұл қадамы жұртшылықтың наразылығын тудырып отыр. Әсіресе, фашистердің тұтқындарды азаптау орны болғанын білгендер. «Адриат теңізіндегі Мамула (Ластвица) аралында (Котор шығанағы кіреберісіндегі Черногория мен Хорватия арасындағы шекара маңында орналасқан) шипажай ашпақшы»,- деп хабарлады аталмыш агенттік "The Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Айта кетейік, бұл аралдағы қамалды теңіздегі шабуылдан қорғану үшін Австро-Венгрия империясы 1853 жылы салғант болатын. «Бенито Муссолини бастаған италиялықтар Черногорияны басып алған екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл қамал түрмеге айналған еді. Онда 2000-нан  аса адам болды. Олар азапталды, өлтірілді немесе аштан қатты. Бүгіндері бұл арал елсіз. Қамал қаңырап бос тұр. Черногория билігі оны босқа тұрғанша туристер мен инвестиция тартуға пайдаланбақ»,- деді аталмыш ақпарат көзі.

 

0 пікір
Мұрағат