|
Бүлінген Құран көшірмелерін өңдейтін зауыт ашылады
|
Пәкістан билігі бүлінген Құран көшірмелерін өңдеумен айналысатын заут құрылысына 167,725 млн рупи (рупи – пәкістандықтардың ұлттық валютасы) қаражат бөлетін болды. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл мақсатқа қаражат 2022-2023 жылдарға арналған мемлекеттік секторды дамыту бағдарламасы аясында бөлініп отыр. Аталмыш жобааның жалпы құны 330,773 миллион рупиге бағаланып отыр. Жоба аталған елдің дін істері жөніндегі министрлік тарапынан мақұлданып қолдауға ие болды. Пәкістандық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, ел аумағында тұңғыш рет ашылғалы тұрғын мұндай зауыт ел астанасы – Исламабад қаласының маңында салынады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген...