«Бұл соғыс ұзақ уақытқа созылуы мүмкін» - сарапшы
«Бұл соғыс ұзақ уақытқа созылуы мүмкін» - сарапшы
1 жыл бұрын 1223 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Нина Зотина / РИА Новости

Израил билігі бүгін, яғни, қазан айының 8-і күні елді ресми түрде соғыс жағдайында деп жариялады. Дәлірегі, әскери-саяси кабинет 40א тармағын қолданысқа енгізді. Бұл тармақ соңғы рет 1973 жылы енгізілген болатын. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Палестиналық ХАМАС тобы қазан айының 7-і күні Израилге Газа секторынан шабуылдады. Соңғы дерек бойынша Израилдің әуе соққысынан 300-ден аса адам қаза тапқан. Ал Израилде опат болғандар қарасы 600-ге жеткен. Станислав Тарасов есімді ресейлік саясаттанушы әрі Таяу Шығыс аймағы бойынша сарапшы Палестина-Израил қарулы қақтығысының ауқымды сипат алып, ұзаққа созылуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Оның айтуынша, Палестинаға араб елдерінің едәуір бөлігі қолдау көрсетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Мұндай ахуал соғыстың ұзаққа созылу ықтималдылығын арттырады.

0 пікір
Мұрағат