|
Бүкіләлемдік ислам туризмінің форумы өтеді
|
Маусым айының 2-3-і күндері Индонезия астанасында Ислам ынтымақтастық ұйымының ұйытқы болуымен ислам туризміне арналған алғашқы халықаралық форум өтеді. Аталған жиын барысында мұсылмандардың іргелі ұйымына мүше 57 елдің туризм саласын шариғат талаптарына сәйкестендіру үшін оның қағидалары әзірленеді.
Индонезияның туризм және креативті экономика министрі Сапта Нирвандар 2030 жылдың аяғына таман әлемдегі мұсылмандардың қарасы 2,2 млрд (әлем халқының 26,4 пайызын құрайтын болады) адамға жететінін алға тартып, соған сәйкес алдағы уақытта ислам туризімінің маңызы артатынын тілге тиек етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді