Бүкіл әлемдік банк сарапшысы Малайзияның үш жетістігінің бірі ретінде халал экономиканы қалыптастырғанын атады
Бүкіл әлемдік банк сарапшысы Малайзияның үш жетістігінің бірі ретінде халал экономиканы қалыптастырғанын атады
2 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Апурба Санги есімді Бүкіл әлемдік банк сарапшысы малай экономикасының негізгі үш жетістігін жіпке тізіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде freemalaysiatoday.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш халықаралық қаржы мекемесінің Малайзия жөніндегі жетекші сарапшысы оңтүстік-шығыс Азиядлағы осынау мұсылман елінің алғашқы жетістігі ретінде кедейлікті жеңгендігін атады: бүгінде жүз малай азаматына шаққанда шамамен алтауы ғана кедей. 14 млн-нан аса малайлық кедейліктің тар қамытынан құтылған. Тіпті, Азия алыбына айналған Сингапурдің өзі мұндай бас айналдырар жетістікке қол жеткізе алған жоқ. Ал екінші жетістігі ретінде экономикасын әртараптандыра алған: экономикасының күрделігі жағынан әлемнің бірде-бір елі Малай экономикасы шыққан белеске көтеріле алған емес. Мәселен, өткен ғасырдың 60-шы жылдары Малайзия тауарлардың 95%ын импорттаса, бүгінде бұл көрсеткіш 30%-дан аспайды. Елдің жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда Филиппинмен салыстырғанда 3,6 есе, Замбиядағымен салыстырғанда он есе жоғары. Бұл аталған екі елдің де тәуелсіздігін алған уақыты Малайзияның отаршылдық саясаттан құтылған кезеңімен тұспа-тұс келеді. Үшінші жетістігіне келсек, Малайзия жаһандық халал экономиканың басты ойыншысына айналған. Тіпті, исламның бесігі саналатын араб елдерінің өзі мұндай жетістікке жете алмаған: бүгінде Малайзияның халал сертификаты мен стандарты өзге елдердің эталонына айналған. Яғни, әлем бойынша халал сертификатын Малай елі белгілейді.

0 пікір
Мұрағат