Бүкіл әлем бойынша балалардың төрттен бірі ашқұрсақ - ЮНИСЕФ есебі
Бүкіл әлем бойынша балалардың төрттен бірі ашқұрсақ - ЮНИСЕФ есебі
7 ай бұрын 868 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзінде балалардың 25 пайыздан астамы, дәлірегі, 440 миллионға жуық бала тойып тамақтанбайды. Сонымен қатар, олардың 180 миллионы азықтың екі түрінен аспайтын дәмді қанағат тұтынуына тура келеді.  Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News aқпaрaт көзіне жөн сілтеген IslamNews сaйтынa сілтеме жaсaй отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік бaлaлaр құқығын қорғaу ұйымының бекіткен тaлaптaрынa  сәйкес бала қалыпты жетілуі үшін 5 жасқа дейінгі емшек сүтін, жарманы, әсіресе, А дәруменіне бай жеміс-жидек пен көкөністерді,  жаңғақтарды, сүт өнімдерін, балық, тауық және ет өнімдерін тұтынуы керек. «Тойып тамақтанбайтындардың жартысына жуығын құрайтын, екі түрлі тағамды ғана тұтынатын балалар олардың дамуына әсер ететін, тіпті, өлімге әкелуі мүмкін аштық азабын тартуы мүмкін. Бұлай өскен бала әлжуаз болып келеді, жарытып білім алмайды, соның кесірінен кейін жалақысы төмен жұмысқа орналасады, бұл кедейлік циклінің келесі ұрпақта қайталануын тудырады. Ми мен жүректің, иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуі адам ас арқылы тұтынатын дәрумендер, минералдар мен ақуызға байланысты», - деп мәлімдеді ЮНИСЕФ басшысы Кэтрин Рассел. Ашқұрсақ балалар қарасы 20 елде көп, соның ішінде, аштық азабын тартқан  балалардың 90 пайызы Газа секторында, одан кейінгі орында Сомали, Гвинея, Гвинея-Бисау және Ауғанстан тұр.

0 пікір
Мұрағат