Бүйректің түсініксіз жолмен істен шығуынан Индонезияда 130 бала көз жұмды
Бүйректің түсініксіз жолмен істен шығуынан Индонезияда 130 бала көз жұмды
2 жыл бұрын 1130 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: xinhuanet.com

Индонезияда соңғы 10 айда бүйрек қызметінің кенет әрі күрт төмендеуі түрінде көрініс тапқан жедел бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен, яғни, бүйрек ақауынан жүзден астам бала қайтыс болды. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай түсініксіз өлім аталған елдің 22 провинциясында тіркелген. Осы уақытқа дейін нақты саны 133 бала көктей солған, олардың барлығы – бес жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар, елдің денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садық мұндай жағдайлар медициналық статистикамен толық қамтылмағандықтан, аталған түсініксіз дерттен көз жұмған балалар саны одан да жоғары болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Дәлірегі, оның айтуынша, бүйрек ақауының өткір түрінен өлген балалар саны бес есе көп болуы. Өйткені, ата-аналардың барлығы бірдей ауырған балаларын емхана әкеле бермейді. Индонезияның Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы балалардағы кенеттен соғатын бүйрек жеткіліксіздігіне қатысты фактілер бойынша тергеу және тексеру жұмыстарын бастады, Индонезияда қазірдің өзінде дәріханалар мен медициналық мекемелерден сироп түріндегі балаларға арналған дәрі-дәрмектер, соның ішінде балаларға арналған парацетамол мен жөтелге қарсы сироптарды қайтарып алып жатыр. Сарапшылар аталған жұмбақ дерттен қайтыс болған балалардың медициналық жазбаларын зерттеп, мына бір заңдылықты анықтады: суық тиген балалар сироп түріндегі антипиретикалық немесе жөтелге қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін екі-үш күннен кейін бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен. Индонезиядағы жағдайға ұқсас фактілер Африка құрлығынан жа байқалып отыр. Дәлірегі, Гамбияда 66 бала жөтелге қарсы сиропты ішкеннен кейін өлген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістандағы Maiden Pharmaceuticals медициналық компания өнімдерінен осындай түсініксіз өлім фактілерінің орын алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Үндістан билігі аталған мед. Компания жұмысын тоқтатып, жауып тастады. «Кейбір науқастардың үйіндегі тағамдардан этиленгликоль мен диэтиленгликоль табылған. Бес жасқа толмаған аса күшті бүйрек ақауы бар балалар қолданатын кейбір сироптардың құрамында этиленгликоль және диэтиленгликоль бар екені дәлелденген, олар болмауы керек немесе өте аз мөлшерде болуы керек», деп мәлімдеді Индонезия денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садық

0 пікір
Мұрағат