Бүгінгі Ресейдің осал тұстары мен қатері (Қытайдың көзқарасымен)
Бүгінгі Ресейдің осал тұстары мен қатері (Қытайдың көзқарасымен)
5 жыл бұрын 3302 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Sohu ақпарат көзі бүгінгі Ресейдің осал тұстарын және қатерін жіпке тізіп, өзінше топшылаған екен. Ресей әлемдегі ең күшті үш державаның бірі (АҚШ, Қытай және Ресей). Ресейдің державалар арасында алғашқы үштікке орасан зор әскери әлеуеті мен ұлан-байтақ жеріне байланысты кіріп отыр. Десе де Ресейдің осал тұстары жетерлік. Солардың негізгілерін атасақ, халық санының жер көлеміне шаққанда мүлдем аздығы, екіншіден, демографиялық апат алдында тұр. Туу көрсеткіші өте төмен. Ресейдің аумағы 17,07 млн шаршы шақырымды құрағанымен халқының саны - 140 млн. Бұл Ресейдің әлемдік держава мәртебесіне сәйкес келмейді. Екіншіден, көпұлтты халықты басқарудың қиындығы. Ресей Федерациясы аумағында 194 ұлт бар болса, жалпы халықтың 80%-ын орыстар құрап отыр. Ресейдегі ұлттық азшылықтың дені бертінгі ғасырларда Ресейге қарумен, мылтықтың дүмімен күштеп қосылғандықтан азшылықты құрайтын ұлттардың тарихи жадысы мықты, сол себепті, Ресеймен мәдени байланысы әлсіз. Оның үстіне, азшылықты құрайтындардың діни сенімі де бөлек (мәселен, татар, башқұрт, шешен, т.б. мұсылмандар). Тағы бір осал тұсы - Ресей экономикасының әлсіздігі. Орасан зор әлеуеті мен табиғи ресурсқа кенеліп отырғанына, яғни, жарты әлемнің байлығын жамбасына басып, алтын сандықтың үстінде отырғанына қарамастан халқы кедей тұрады, экономиканы тиімді ұйымдастыра алмай отыр. Ресейдің келесі осал тұсына географиялық жағынан сәтсіз орналасуын жатқызыпты: Ресей территориясы үлкен болғанымен географиялық орналасуы қолайлы емес, өйткені, аталған солтүстік ендікте орын тепкен. Қысы суық әрі ұзаққа созылады. Осыдан барып экономиканың дамуына серпін беруі тиіс энергиялық ресурсты өндірудің өзіндік құны қымбатқа түсіп отыр. Бұдан бөлек, Ресей негізгі халықаралық сауда жолынан алыс жатыр. Бұл фактор да аталған елдің аяғына тұсау салып, адымын аштырмауда. Ұлан-байтақ жерді басып алуын алғанымен оны игермеген мемлекет. Басты қателігі де осында. Ең соңынан халықаралық беделі мен абыройы сын көтермейтін ел.  Қырым аннекциясынан кейін Ресейден дамыған елдердің теріс айналғаны да аталған елдің сыртқы саяси, экономикалық жағдайы оңып тұрған жоқ. 

 (Ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат