Бүгінде қанша адамның цифрлы активке ие екендігі айтылды
|
Triple-А мәлімет көзінің хабарына қарағанда әрі Binance криптовалюта биржасының бас директоры Ричард Тэннің айтуынша, бүгінде криптовалюта күллі әлемде кеңінен таныла бастаған, дәлірегі, адамзаттың 563 млн-ға жуығы цифрлы актив қожайынына айналып үлгерген. Бұл жайында islam.kz порталы cryptonews.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта электронды ақшаны қабылдаудағы көрсеткіш әр елдің экономикалық ахуалы мен әлеуетіне, мәртебесіне қарай әрқилы болып келеді. Соның ішінде «Дамушы елдер экономкасы» санатындағы елдер криптовалютаны иелену көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Бірінші орыннан Біріккен Араб Әмірліктері көрінген - 25,3%. Одан кейінгі орынған Сингапур жайғасқан - 24,4%, ал үшінші орынға Түркия табан тіреген - 19,3%. Бұл мемлекеттер, тіпті, виртуалды валюта иегерлері жағынан Швейцария (12,4%) және Америка құрама штаттары (15,0%) секілді дамыған елдердің өзін артта қалдырған. Аргентина, Тайланд, Бразилия, Вьетнам криптовалютаны қабылдауда жоғары қарқын көрсетіп отыр. Бразилия мен Вьетнам тиісінше 17,5% және 17,4%-ға ие. Үндістан (6,9%) және Германия (8,3%) сияқты елдер активтердің жаңа класын интеграциялауда алдыңғы топтан артта қалып отыр Әлемдік деңгейде криптовалюта иелерінің орташа пайызы 8,3%-ды құрайды. Демографиялық дерек бойынша криптовалюта иелерінің 61%-ын ерлер, 39%-ын әйелдер құрайды. Бұдан басқа, криптовалюта иелерінің 34%-ы 25-34 жас аралығындағылар.