Будда радикалдарының геноцидінен қанша рохиньялық мұсылман қырылды
|
«Шекарасыз дәрігер» деп аталатын ұйым келтірген мәлімет пен таратқан ақпаратқа қарағанда, Мьянманың Ракхайн штатында өмір сүретін рохиньялық мұсылмандардан будда радикалдарының қолынан кем дегенде 6700 адам қырылған. Ел билігінің өзі мұрындық болған бұл қанды қасап ат төбеліндей этникалық азшылықты құрайтын рохинялық мұсылмандардың қатарын сиретіп жіберді, баудай түсіріп, жусатып салды турасын айтқанда. Аталған ұйымның есебі бойынша Мьянма әскері берген мағлұмат шындыққа мүлдем сәйкес келмейді. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ұйымның жетекшісі Сидни Вонгтың айтуынша, деректі зорлық-зомдылықтан аман қалған рохиниялық мұсылман отбасылардан жинаған. Оның ішінде, көрші елдерге бас сауғалаған босқындардан да. Нақтфрақ айтқанда, аталмыш дерек 600 мыңнан аса адамнан жиналған. Сидни Вонг Бангладешке ауа көшкен босқындардан дерек жиналмағанын алға тартып, будда радикалдарының құрбандар саны бұдан да әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың тамыз айының 25-і мен қыркүйек айының 24-і күндері аралығында, яғни, бір ай ішінде Ракхайн штатында кем дегенде 9000 адам қаза тапқан. Оның ішінде зорлық-зомбылықтан көз жұмғандар қарасы 72%-ға жете-қабыл.