|
Будда монахтары Мәулітті мерекелеуге кедергі жасады
|
Мьянманың Янгон қаласында осы елдегі азшылықты құрайтын әрі ұлтшылдар тарапынан қысым көріп, жиі қуғындалатын мұсылмандар жамағаты Мәулітті мерекелей алмады. Оған будда монахтары кедергі келтірді. Куәгерлердің айтуынша, радиуалды будда монахтары мұсылмандардың Мәулітті мерекелеуіне барынша кедергі келтіруі үшін әдейі шеру өткізіп қана қоймай, мұсылмандардан мерекені тоқтатуын қатаң талап еткен. "Бұл мерекені өмірімізде бірінші рет өткізіп тұрмыз. Олардың бұл шабуылы наным-сенім бостандығына қол сұғумен бірдей әрекет болды. Сол жердегі тәртіп сақшылары да оларды тоқтатуға еш шара қолданбады",- деді осы мерекені ұйымдастырушылардың жетекшісі Үлем Ислам Кьяу Ньейн "New Straits Times" ақпарат көзіне берген сұхбатында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді