Британияға заңсыз бару лаңкестікпен теңестіріледі
Британияға заңсыз бару лаңкестікпен теңестіріледі
2 ай бұрын 562 24.kz

Ұлыбританияда заңсыз көші-қонмен айналысу лаңкестікпен теңестіріледі. Бұл туралы 24.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Бұл туралы Біріккен Корольдік патшасы Карл ІІІ парламент сессиясында мәлімдеді. Жаңа заң жақында ұсынылмақ. Британияның ЕуроОдақ құрамынан шығуының бір үлкен себебі де осы заңсыз еңбек мигранттар нөпірі болатын. Бірақ, "кәрі құрлық" бірлестігінен іргесін аулақ салғанымен, шекара ортақ.

Былтыр ЕуроОдақ шекарасынан 1 миллион 200 мың адам заңсыз өткен. Мамандар: «Бұл – кейінгі 10 жылдағы рекордты көрсеткіш», – дейді.

Дэвид Лэмми, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі: - Біз қайтсек те Британияға заңсыз жұмысқа әкелетін қылмыстық топтарды әшкерелеп, түп-тамырымен жоюымыз керек. Мұны Еуропадағы ең жақын көрші елдермен бірігіп қана іске асыра аламыз. Алаяқтарға алданатын заңсыз еңбек мигранттарының көбі бізге Франция, Германия сияқты еуропалық мемлекеттер арқылы келеді. Адамдарды заңсыз жеткізетін жолдар көп. Солардың бәрін құртуымыз қажет.

 

0 пікір
Мұрағат