Британия әуе желісінің әйел қызметкерлеріне хижаб тағуға рұқсат етілді әрі шариғат талаптарына сай арнайы киім тігілді (фото)
|
British Airways 2023 жылға арналған қызметкерлер формасының жаңа желісін жұртшылық назарына ұсынды. Бір қызығы, компанияның 88 жылдық жұмысында алғаш рет оның қызметкерлеріне жұмыс орнында хижаб киюге мүмкіндік берілді. Бұл жайында islam.kz порталы Free Press Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Озуальд Ботенг есімді дизайнердің қолынан шыққан киім үлгісі бойынша тігілген шариғи шәліні алдыңғы қатарлы британдық әуе тасымалдаушысының шамамен 30 000 қызметкері пайдаланбақ. «Біздің киіміміз – біздің брендтің символдық көрінісі, бізді болашаққа бастайтын жоба, бүгінгіден де жақсы Ұлыбританияны бейнелейді және клиенттерімізге ең жоғары деңгейде қызмет көрсетуге көмектеседі. Біз әу бастан форманы адамдарға ыңғайлы және қонымды етіп тігуге күш салдық. 1500 қызметкері бар біз бұған қол жеткізгенімізге сенімдіміз», - деді British Airways өкілі Шон Дойл. Бұл желі үш элементті қамтитын ерлерге арналған костюмдердің екі түрінен, әйелдерге арналған костюмдердің екі түрінен тұрады: белдемше мен шалбары бар нұсқалар, сондай-ақ, бос туника, шалбар және шалбардан тұратын мұсылман әйелдеріне арналған костюм, орамал.