Британдықтар планетаға зияны жоқ алғашқы түрме салуды бастады
Британдықтар планетаға зияны жоқ алғашқы түрме салуды бастады
2 жыл бұрын 1240 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: unsplash

Британдық Йоркшир графтығына қарайтын Фул Саттон елді-мекенінде тұтас ел аймағында толығымен электр қуатымен жұмыс істейтін планетаға қолайлы бірінші түрменің құрылысы басталды. Бұл туралы Ұлыбритания үкіметінің сайтында айтылған. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрылыстың басталғанын билік қараша айының басында хабарлады. Түрме 2025 жылы ашылады деп жоспарлануда, онда 1,5 мыңға жуық тұтқын болады. Нысан электр энергиясын, оның ішінде күн батареяларынан алады, тұтынуды 78 пайызға азайтады. Нәтижесінде салық төлеушілердің шығыны жылына 1,1 миллион фунттан астамға қысқарады. Тұтқындардың бір бөлігі құрылыс компаниясына жұмысқа қабылданады. Түрме де округтегі жұмыс орындарын көбейтеді. «Фул Саттондағы жаңа түрме энергия шығындарын азайту үшін соңғы технологияны қолдану арқылы қоғам мен қоғамдық әмиянды қорғайды», - деді Британ үкіметінің мүшесі Дэмиан Хиндс. Сөз орайы келгенде Бельгия билігінің электр қуатын үнемдеу үшін Темсе қаласында шатырына күн батареялары бар үйлерде пәтер жалдайтын азаматтарға шот төлемдеріне жеңілдік жасағанын айты кетпекпіз. Бұл арада муниципалитет мемлекеттік субсидияларды пайдаланып, ел тұрғындарына жалға берген тұрғын үйлер туралы сөз болып отыр.

0 пікір
Мұрағат