Британ полициясы «ислами террор» және «жиһадшы» терминдерінен бас тартады
Британ полициясы «ислами террор» және «жиһадшы» терминдерінен бас тартады
4 жыл бұрын 2108 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Британ полициясы бұл терминдердің орнын «діни террор», «дінді қалқан ететін терроризм» және «Усама бен Ладен ізбасарлары» деген сөз тіркестерімен алмастыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы The Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті.

3000-дай мүшесі бар мұсылман полицейлердің ұлттық қауымдастығының мәлімдеуінше, ресми терминология жаңсақ түсінік пен стереотипті (қасаң қағиданы, таптаурын ұғымды) қалыптастырып, кемсітушілік пен исламофобияға жол ашады. Бұл бағыттағы көкейтесті проблемаға қатысты өткен онлайн- жиынға терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссар көмекшісі Нил Басудың өзі қатысқан болатын.

2005 жылғы Лондон мегаполисіндегі жарылыс пен 2017 жылы орын алған Лондон көпіріндегі және Манчестер-Арена стадионындағы, сондай-ақ, Вестминстердегі шабуыл мен қастандық "ислами терроризм» деп танылып, жіктелген болатын. Британиядағы мұсылман полицейлер қауымдастығы бұл терминдердің орнына арабтардың «ирхаби» сөзін қолдануға кеңес берген еді. Өйткені, Таяу Шығыстың барлық аймағында экстремистік көзқарасты жақтаушыларды осылай атайды. 

Осылайша батыс елдеріндегі исламофобиялық секілді исламды қаралауға бағытталған науқаншылдықтан жүйелі дертке айналған насихат пен жаңсақ ұғымға тойтарыс берудің елеулі қадамы жасалды. 

0 пікір
Мұрағат