Британ банктері мұсылмандардың шоттарын жаппай жауып жатыр
Британ банктері мұсылмандардың шоттарын жаппай жауып жатыр
1 жыл бұрын 1163 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Екі ай бұрын мұсылмандарды Батыс қауымдастығына жақындатуды мақсат еткен британдық Cordova Foundation сараптама орталығы Лондон қаласында Тунистегі саяси шиеленістерге арналған конференцияны өткізбек болып, шешім қабылдаған еді. Алайда, аталған ұйымның NatWest банкідегі шоты күтпеген жерден жабылғандықтан іс-шараны ұйымдастыруға қаражат таппады. Осынау іс-шараға арналған донорлар аударған қаржы да діттеген жеріне жетпеген. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш қор жетекшісі Анас Алтикрити (суретте - ред.) өздерінің бизнес шотының жабылатыны туралы алдын ала ескертпегінін де жеткізді. Бірнеше аптадан соң Шотландиядағы королдік банктегі өзінің жеке шоты да, қордың шоты да жабылып қалды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес Ұлыбритания банктері күніне 1000-ға жуық шотты жауып тастайды. Сенімсіз адамдар, ұйымдар мен компаниялар тарапынан банкке төнетін қауіп-қатерді жою саясатына байланысты. Бұл науқанның астарында мұсылмандарды қарауылға алып, оларды сенімсіз етіп көрсету саясаты жатқанын алға тартып отыр мұсылмандар. Дәлірегі, саяси көзқарасы мен сенімі көңілінен шықпағаны үшін мұсылмандарды алалау саясатын жүргізіп отыр. Мұсылман қайырымдылық қорлары форумының басшысы Фади Итани "әл-Жазира" арнасына берген сұхбатында кемінде 50 қайырымдылық қорының есепшоты жабылғанын жеткізді. Банктердің әділетсіз саясатынан мешіттер де зардап шегуде. Мысалы, HSBC банкі Финсбери паркі мешітінің есепшотын жауып тастаған.

0 пікір
Мұрағат